«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» КӨПБАЛАЛЫЛАРҒА НЕГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС?
Студенттер курстан курсқа көшкенде көп балалылардың жәрдемақысы тоқтайды. Олар оқиды деген анықтаманы жыл сайын тапсыру керек. Жыл сайын қыркүйек айында көп балалы отбасылар жәрдемақысын жалғастыру үшін ХҚО-ға барып құжат тапсырады. Егер тапсырмаса осы ай жәрдемақы алмайды. Сол себепті қазір ел ХҚО-ның алдында топырлап кезекте тұр.
Студенттердің ата-анасы міндетті түрде Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінде әр азаматта ЭЦП бар, неге бұл жәрдемақыны егов арқылы жалғастыруға болмайды? Неге аналар балаларын тастап, сағаттап кезекте тұруы керек? «Цифрлы Қазақстан» көпбалалыларға келгенде неге іске аспай тұр?
Жақында көпбалалылардың жәрдемақысына құжатты егов арқылы қабылдайтын жаңа функция іске қосылды. Өте жақсы. Бірақ студент балалардың құжатын тек ХҚО арқылы өткізу қажет. Құрметті Мусин Багдат мырза еговқа студенттің құжатын ілетін функцияны да қостырсаңыз.
Көпбалалы деген көк кітапша еш жерде жарамсыз ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі / Министерство труда и социальной защиты РК. Онда ол кітапшаны не үшін береді? Оқу орындары, жолақы билеті, тегін тамақ, тағы басқа қызмет «көпбалалы» деген анықтама сұрайды. Оны егов арқылы алсаңыз жарамсыз. Міндетті түрде ХҚО-ға барып алу қажет. Вирус асқынып тұрғанда халықты ХҚО-ға жинаудың қандай қажеті бар?

