АНАШЫМ ҚАРТАЙМАШЫ ЖАЛЫНАМЫН…

АНАШЫМ ҚАРТАЙМАШЫ ЖАЛЫНАМЫН…

«Шаңырақ» орталығы қарттар күнінің құрметіне орай, қарағандылық сақшылармен бірлесіп, әулеттің ақылшысы, ұрпағын өргізіп, ағайын-туыстың ынтымағын жарастырып отырған алтын аналарымызды құттықтап қайтты.

«Алтын алқа» иегері Тұрсынбекова Зекен 7 баласын оқытып-тоқытып, аяқтандырып, немере-шөбере сүйіп отырған бақытты ана. 5 қыз, 2 ұлы да әз әке мен парасатты ананың өмір жолын қуып, үлгілі отбасын құрып, қызмет биігін бағындырып отыр. Зекен апаның өмір жолын біз көп балалы аналарға үлгі ету мақсатында арнайы құттықтап бардық.

Баймағамбетова Биғайша 10 баланың анасы, әулеттің шырақшысы, бауырға қамқор, мейірімді ана, аяулы әже, ақылгөй дана. Биғайша апа біздің аналарға айтары мол асыл қазына, осы мерекеде ол кісіге де арнаы ат басын бұрдық.

Ибрай Жуман қанша жыл ауыр науқаспен алысып жүрсе де отбасының ұйытқысы, қолы ашық, дастарханы мол, немерелеріне барын тосатын, ағайынға сыйлы ана. Жұман апа біз өткізген әр шараны қалт жібермей қадағалап отырады, тілекшіміз.

Бүгінгі мерекеде біз бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналарымызың батасын алып, өнегелі өсиетін тыңдап қайттық. Аналар аман болыңыздар, қартаймаңыздар…

Бүгінгі мерекеде бізді Қарағанды қаласы ПБ Киров ПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция капитаны Марат Сұлтанұлы Амрин мен Қарағанды қаласының ПБ ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы Нағима Әшімқызы қолдады.

Бүгін аналарыңызға осы әнді шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлаңыздар.

Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй-тәй қуантып
Тұсауымды кестірген.

Анашым құдіретіңе табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

Көз алдымда дәурен балалық
Тілімді алмай есірген
Балалық қылсам шалалық
Әр кез мені кешірген

Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

Анашым саған қарызым
Бас иемін даңқына
Білемін өтеу парызым
Кір келтірмей атына

Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.