Бүгін Достық үйінің концерт залында Кәрім Сауғабайдың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Кәрім — ақын, Кәрім — жыр..» атты бірінші К.Сауғабай оқуларының марапаттау рәсімі өтті.
Бүгін Достық үйінің концерт залында Кәрім Сауғабайдың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Кәрім — ақын, Кәрім — жыр..» атты бірінші К.Сауғабай оқуларының марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды онлайн форматта «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы инстаграммдағы @qaragandy.analary парақшасында ұйымдастырдық.
Барлығы 54 бала қатысты. Олардың арасынан 8 оқушыны іріктеп, бүгін бағалы сыйлықтар тапсырдық. Сыйлыққа планшет, төрт смартсағат, құлаққап, бір телефон, төрт сөмке берілді. Одан бөлек ынталандыру сыйлығын тапсырдық.
Бүгін барлық қатысушыларды шақыра алмадық, байқауда өнер көрсеткен әр бала назардан тыс қалмайды, оларға да сертификат, жетекшілеріне Алғысхат береміз.
Кеште Серик Аксункар, Қойлыбай Асанов (Koylybay Asanov) тар қазылық етіп, Суйиндик Жанысбай, Ермек Балташұлы, Ерсин Мусабеков, Қамбар Ахмет, Ержан Базарбековтер лебіздерін білдірді. Серик Мустафин аға арнайы қонақ боп келді. Ақынның ұрпақтары балаларға сыйлықтар жасады.
Бұл байқауды жыл сайын өткізу ойда бар.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен ашылған.
Бізге қолдау жасаған Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұжымына алғыс айтамыз.

