«Шаңырақ» орталығы 2 тонна картоп, 300 жұмыртқа таратты.

«Шаңырақ» орталығы 2 тонна картоп, 300 жұмыртқа таратты. 80 көп балалы отбасыға 20-25 кг картоп, 10 отбасыға 30 жұмыртқадан бөліп бердік. Картопты ЖШС «QUNDYZDY AGRO» өз ақшасына сатып берді. Кәсіпкер өздері де көкеніс өсірумен айналысады. Олар бизнестегі жуапкешілікпен қатар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға үнемі қолдау көрсетеді.

Ал жұмыртқаның бағасы аспандап тұрғанда «Ана-Мама» қоғамдық қоры кәсіпкерлерге шығып, жеткізіп берді. «Ана-Мама» қоры «Шаңырақ» орталығына үнемі қамқор болып келеді.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы ай сайын жүзге жуық отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетеді.
Орталық мемлекеттік бағдарламалар бойынша тегін консультация береді, жаңа мамандық меңгертетін түрлі түрлі тегін курстар, мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырады.

Орталық Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.