МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

Қарағанды қаласы Білім бөлімі жанынан құрылған Білім сапасын мониторинглеу комиссиясы кешеден бері мектеп асханаларын тексеруде. Оған ата-аналар тарапынан кей асханалар ауқатты суық күйінде береді, мөлшері аз салынады деген шағымдары негіз болды.
Комиссия құрамына қоғам белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары Зара Шалабаева, Эльмира Маликова және Әсел Байленова, «Шаңырақ» орталығының қызметкерлері Кымбат Булкаирова мен Айша Сулейменова, білім бөлімі маманы Акыл Есенбековалар кірді.

Комиссия қаладағы №86, 83, 62, 65, 23, 66, 101, 45, 102, 33, 77, 15, 97, 3 гимназия, 9 гимназияны кеше аралады. Бүгін №23, 66, 86, 101, 102 мектептерді тексерді.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы ата-аналар тарапынан түскен өтініштер негізінде білім бөліміне ұсыныс жасаған болатын. Бүгін біздің қызметкерлер өз көздерімен көрді, кәсіпкерлермен сөйлесті, құжаттармен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.