«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы тағы 5 отбасыға көмір түсіріп берді.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы тағы 5 отбасыға көмір түсіріп берді.
Әсет есімді қарағандылық кәсіпкер өткен айда 3 отбасыға көмір берген болатын. Осы жолы Әсет мырзаға орталыққа жүгінген тағы 4 отбасыны ұсындық. Олар да жомарт азаматтың көмегімен көмір түсіріп алды. Әсет мырза өз есімінің жария болғанын қаламайды.
Одан бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға тұрақты қарайласып тұратын тағы бір демеушіміз біз ұсынған отбасыға көмір берді.
Сонымен, «Шаңырақ» орталығы осы қыста 8 отбасыға тегін көмір түсіріп алуға мұрындық болды.

