ТОҒЖАНОВ ҚАРАҒАНДЫДА

ТОҒЖАНОВ ҚАРАҒАНДЫДА

Кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген ҚР вице Премьер-министр Ералы Тоғжанов Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында кәсіпкер көп балалы аналармен кездесті. Мен Ералы Лұқпанұлына «Шаңырақ» орталығының жұмысын таныстырдым. Орталық «Бақытты отбасы» жобасы негізінде ашылған. Біздің орталықтың басым бағыттарының бірі — үйде отырған аналарға өз ісін ашуға қолғабыс жасау. Мен үш жыл бойы көпбалалы аналарға «Бастау бизнес» курсын оқып, қайтарымсыз грант ұту жолдарын насихаттап келемін. Нәтижесі жаман емес.

Вице премьер-министр грант ұтқан көпбалалы аналармен кездесті. Дилноза Пазилова алты баланың анасы, кішкентайы алты айлық. Үйде отырып кондитерлік өнімдер пісіріп, супермаркеттерді қамтамасыз етіп отыр. Ол дайындайтын тәттілер сан алуан. Ал ауыл тұрғыны, бес баланың анасы Кәмшат Нұрбекова қой жүнінен көрпе тігіп, қыз жасауын жасайды. Тоғжанов мырза өз ісін ашқан аналарға мемлекет тарапынан жан жақты қолдау болатындығын хабарлады.

Биыл жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға берілетін грант 1 млн 225 мың теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкерлік курсын оқу керек. Курс пен грантқа «Шаңырақ» орталығына келіп өтінім қалдыруға болады.
Біздің инстаграммдағы парақшамызға жазылыңыздар, тіркелу басталғанда хабарлаймыз @qaragandy.analary

ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.