СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕЙТІН КУРСҚА ТІРКЕЛІҢІЗДЕР

СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕЙТІН КУРСҚА ТІРКЕЛІҢІЗДЕР

Қарағандыда халықтың табысын арттыру аясында жәрмеңке өтті. «Шаңырақ» орталығы ұжымы жеке ісін ашқан көпбалалы аналардың өнімдерін ұсынды. «Шаңырақ» — белсенді, іскер, шыншыл, білікті аналардың басын қосқан командалық жоба.

Біз Қарағанды қаласы жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындаймыз. Жәрмеңкеде бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге қысқа мерзімді курстар өткізетін мекемелер қатысты.

Үйде отырған аналар курс оқыса стипендия төлейді. Курста бухгалтер 1С, маникюр, аспазшы, компьютерлік сауаттылық, құрылыс дәнекерлеуші, тәрбиеші көмекшісі, макияж шебері, тағы басқа мамандықтарды тегін оқуға болады.

Курс 4 айдан алты айға дейін, аяқтаған соң куәлік береді. Бұл курстың куәлігімен кәсіп ашу үшін 1 млн 225 мың теңгенің қайтарымсыз грантына қатысуға болады.

Қысқа мерзімді курста ай сайын 20 900 теңге шәкіртақы төлейді. Көпбалалы аналар курсты онлайн оқи алады. Жұмыспен қамту орталығына барып тіркеліңіздер.

«Шаңырақ» орталығы осындай пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырады, біздің инстаграммдағы парақшамызға жазылыңыздар @qaragandy.analary

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.