Көпбалалы аналарға жаңа кәсіп түрін меңгерту

Бүгін «Шаңырақ» орталығы көпбалалы аналарға арнап «Qyzylarai» сұлулық салонында «Бет күтімі, сұлулық негіздері. Бет әрлеу, дұрыс бояну негіздері» атты тегін мастер класс өткізді. Курсқа 10 көпбалалы ана қатысты. Қатысушыларға арнайы сыйлық берілді. «Qyzylarai» сұлулық салоны көпбалалы аналарға:
«Визажист” базалық курсы (3 күн);
-«Маникюр шебері» базалық курсы (3 күн);
-«Педикюр шебері» базалық курсының (1 күн) сыйлық сертификаттарын сыйлады.

Курстың мақсаты: көпбалалы аналарға жаңа кәсіп түрін меңгерту, үйде отырып табыс тауып, отбасы кірісін арттыруға мүмкіндік беру, бизнес бастауға үйрету.

Қарағанды қаласы Республика даңғылы 42 үйде (Рублевка) орналасқан «Qyzylarai» сұлулық салонының басшысы көпбалалы ана Толеубаева Жаннұр Мәдениетқызы:
«Бұл курстар негізі ақылы. Мейкап курсы мәселен елу мың теңге тұрады. Оны оқыған соң бір айда үш жүз мыңға дейін табыс табуға болады. Маникюр пен педикюрді үйренген соң аналар үйде отырып табыс таба алады. Мен «Шаңырақ» орталығына қолдау жасап, тегін үйретіп жатырмын. Өзімде алты бала бар, осылай курс оқып, жеке кәсіп ашып, отбасымды асырап отырмын»,-дейді.

Көпбалалы ана Жазира Есенханға Мейкап курсын тегін үйрететін сертификат сыйлады: «Мен бет әрлеуді кәсіби түрде меңгеру арманым. Шаңырақ орталығы маған осындай мүмкіндік берді»,-дейді.

Маникюр курсын тегін оқуға сертификатқа ие болған Жанат Сагадиева: » Мен ерекше баланың анасымын, алтыншы сәбиімді күтіп отырмын. Мен енді үйде отырып қосымша табыс тауып, отбасы кірісін көбейте аламын. Қуаныштымын»,-дейді.

ФОТО. ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.