ШЕТ АУДАНЫ: Отбасы кірісін арттыру

ШЕТ: отбасы кірісін арттыру

Шет ауданында көпбалалы аналарға тақия тігуден тегін курс өткіздік. Amanat Partya ғимаратында 15 көпбалалы анаға «Ісмер» ұлттық қолөнер клубының шебері Перизат Тотыбекова тақия тігуді үйретті. Тегін мастер классты ұйымдастырған «Шаңырақ» орталығы. Біздің орталық Amanat партиясының «Бақытты отбасы» жобасы негізінде ашылған.

Ісмер аналарды көпбалалы әке мен кішкентай бүлдіршіндер де келіп қолдады.

Курстың мақсаты — аналарға үйде отырып табыс табатын жаңа машық меңгерту, отбасы кірісін арттыруға көмектесу.

Аналарға тақия тігу ұнады. Келешекте MAKEUP пен кондитер курсын өткізуге ұсыныс жасады. Мұндай курстар жалғасады.

Курсты өткізуге қолдау көрсеткен Шет ауданының Amanat партиясының хатшысы Бауыржан Баданов мырзаға алғыс айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.