БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА “ШАҢЫРАҚ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА “ШАҢЫРАҚ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде “Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен орталықты “Talbesyk” көпбалалы аналар одағы” ҚБ ашты.
Орталықтың ашылуына Қарағанды қаласы мен Шет ауданындағы “Шаңырақ” орталығы филиалы қызметкерлері келді.

Орталық — Қарағанды, Шет-Қарқаралы ауданындағы “Шаңырақ” орталығы атқаратын жұмысты жүргізеді. Көпбалалы отбасыларға тегін заңгерлік, психологиялық кеңес береді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша, indigo, egov, malachit, business enbek, e.daryn, aleumet, Kezekte, тағы басқа сайттар бойынша тіркелуге, келісімшарт жасауға көмектеседі.

Кәсіпкерлік негіздеріне, жаңа машық меңгеруге арналған курстар ұйымдастырады. Жәрмеңкелер, отбасылық мәдени-әдеби, спорттық сайыстар өткізеді. Балалар шығармашылығын дамытатын байқаулар ұйымдастырады. Қайырымдылықпен айналысады. Көпбалалы отбасыларға кешенді көмек көрсетеді.

Кеңес беру онлайн (ватсап арқылы) және офлайн түрде көрсетіледі.
Мекенжайы: Ботақара кенті,
Қазбек би көшесі 52А ( статистика бөлімінде орналасқан).

87014649676 Айша Таймасқызы (Тұрғынүй сұрақтары бойынша);
87756534480 Карлыгаш Казбекқызы (Әлеуметтік сұрақтар бойынша);
87771095974 Кымбат Ескендірқызы( Балабақша, егов сұрақтары бойынша).

Инстаграм парақшамызға жазылыңыз:

https://instagram.com/qaragandy.analary?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Бұл орталықтың басқа орталықтардан ерекшелігі бар.  Бұл орталыққа басшы етіп, көпбалалы белсенді ана Айша Сулейменованы тағайындалды.  Алғашқы қадамың құтты болсын Айша Таймасқызы!

ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.