Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің жеке қабылдауында болдық

“Шаңырақ” орталығы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мырзаға жалғызбасты аналардың өтінішімен кіріп шыққан болатынбыз. Биыл “Бақытты отбасы” ипотекалық бағдардамасынан толық емес отбасы санатын алып тастағаны қарағандылық аналардың наразылығын тудырды. Аналардың шағымын аймақ басшысына жеткіздік.

Кездесу нәтижесіз емес. “Бақытты отбасыға” толық емес отбасын қайта қосты. Бағдарламаға өтініш қалдырған Қазақстандық 800-ге жуық жалғызбасты ана негізгі тізімге енді. Халықтың тілегін дер кезінде билікке жеткізсе, Үкімет “естиді” екен.

“Шаңырақ” орталығы қарағандылық аналардың өтінішін жерде қалдырмай министрлікке жеткізген, Үкімет пен халық арасындағы дәнекер Жеңіс Махмұдұлына алғыс айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.