СИРИЯ ХАЛҚЫНА ЖИНАҒАН ТӨСЕК ЖАБДЫҚТАР

СИРИЯ ХАЛҚЫНА ЖИНАҒАН ТӨСЕК ЖАБДЫҚТАР БҮГІН КЕТТІ

«ШАҢЫРАҚ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы өткен аптадан бері Сирияға деп жинаған көмекті   Астана қаласының «QANAT» Еріктілер Қозғалысы арқылы Сирияға жібердік.

Көмек әкелген барша Қарағандылықтарға үлкен алғысымызды білдеміз. Оның ішінде дамуында ерекшелігі бар балалардың аналарына және оларға қолдау көрсетіп жүрген «Батыл жүрек» ҚҚ на  ерекше алғыс айтамыз .

Бүгін жүктерді көлікке салуға көмек берген Ж.Қ Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің бір топ ерікті студенттерін айтып кетпеске болмас. Осындай бойында азаматтық позициясы бар, ,патриотты, мейірімді азаматтарымыз барда, еліміздің ертеңі жарқын болады деген сенімдеміз!

Сирияға жалпы :
Жамылатын көрпе — 130,
Құрақ көрпе — 43
Жастық — 50
Матрас — 10

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.