Біз түрік бауырларымызға сабыр мен шыдамдылық тілейміз. Қазақ халқы әрқашан сіздермен бірге!

Түрік мемлекетінің Астанадағы елшілігіне қайырымдылық көмекті әкеп тапсырдық. Бізді елшінің кеңесшісі Шевкет Байрам мырза өзі қарсы алды. Көңіл айту кітабына қолтаңбамызды қалдырдық.

“Түркия түлектері” қауымдастығы өкілі Исламбек бізді күтіп алып, заттарды түсіруге көмектесті.

Елшілікке көмек жан жақтан келіп жатыр екен. Қарағандылықтардың көмегі бүгін кешкі жетіде ұшақпен жөнелтіледі.

Қайырымдылыққа үлес қосқан барлық қарағандылық азаматтарға, Қоғамдық келісім КММ Қарағанды облысы басшысы Гульнара Касембаеваға,
жүк көлігін тегін берген шешен азаматы Руслан Исмаиловқа, қалалық білім бөлімінің басшысы Eсентай Әшімге үлкен қолдауы үшін аналық алғыс айтамыз.

Жиналған заттар:

Құрақ көрпе – 110 дана;
Балаларға арналған плед – 50 дана;
Жамылатын көрпе – 148 дана;
Жастық – 18 дана;
Плед – 21 дана;
Шапан – 1 дана;
Балаларға арналған шапан – 4 дана;
Орамал – 10 дана;
Памперс – 7 қорап;
Салфетка – 10 дана;
Ер адамның күртешесі – 1 дана;
Матрас – 2 дана.

Біз түрік бауырларымызға сабыр мен шыдамдылық тілейміз. Қазақ халқы әрқашан сіздермен бірге!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.