БАЛАЛАРҒА ҮЙІРМЕ ТЕГІН

БАЛАЛАРҒА ҮЙІРМЕ ТЕГІН

Қарағанды қаласында көп балалы отбасылардың балаларына үйірмелер мен секциялар тегін. Оған бюджеттен қаражат бөлінді. Ол үшін мына төмендегі сайтқа кіріп, көп балалы екеніңізді дәлелдейтін құжаттарды ілесіз. Сосын әр балаңызға екі үйірме тегін. Бұл биыл пайда болған жаңалық.

Бұған дейін үйірлемелер ақылы болды. Тек бірен сараны ғана тегін болды. Ал би, шахмат секілді үйірмелердің ақысы қымбат болғаны белгілі.

Бұл туралы Білім министрі Айғамабетов мырзамен кездескенде Ұлттық кеңес отырысында ұсыныс айтқан болатынмын. Көп балалы отбасылар бірнеше баланы үйірмеге қатар берсе қалта көтермейтінін, қосымша білімді мемлекеттік тапсырысқа көшіру туралы ұсыныс айттық. Аружан Саин ханым да бұл іспен түбегейлі айналысты. Биыл тамыз айынан бастап осы сайт арқылы өтініштерге қабылдау ашылды.

Әуелі сайттан өзіңіз қалаған үйірмені таңдайсыз. Онда үйірмелердің мекенжайы, дерегі, қанша бала қабылдайтындығы жазылған. Бұл үйірмелерді түрлі ұйымдар мемлекеттік тапсырыс арқылы ұтып алған. Үйірмелер бірнеше мекенжайда орналасқан. Қалағаныңызды таңдайсыз.

Балалардың медициналық 027, 037 формаларын, фотосуретін, ана мен баланың құжаттарының көшірмесін жинап сол орталыққа тапсырғаннан кейін ғана, балаңыз қабылданады. Құжаттарды сайтқа тіркелген он күннің ішінде тапсырмасаңыз тізімнен шығарып тастайды. Тек екі үйірме ғана тегін. Одан көп үйірмеге бергіңіз келсе ақылы түрде жібересіз.

Балаларыңызды тіркеңіздер. Егер көп балалы мәртебеңіз болмаса да осы сайтқа тіркеліп балаңызды үйірмеге бере аласыз. Бірақ ол үйірменің белгілі бір пайызын төлейсіз.

СІЛТЕМЕ:  https://artsport.edu.kz/ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.