БҰҒАТТАУ

Несиесін төлемеген азаматтардың есепшоттары бұғатталады. Яғни сот орындаушылар жалақы алатын карточкаға тыйым салады. Бұғатталғандар үй сатып ала алмайды екен.

Карточкадағы жалақының 40 пайызын сот орындаушылар ұстап отырады. Қалған ақша шотта жинала береді. Оны карточка иесі де, сот орындаушы да шеше алмайды. Қолына ақша түспеген соң карточкасы бұғатталғандар ресми жұмыс істемейді, қолма қол төлейтін жұмысқа тұрады.

Есепшоты бұғатталған азаматтар үй сатып та ала алмайды екен. Осы жолы демеуші үй әпергенде жеті ананың бесеуінде есепшот бұғатталған болып шықты. Үй әперерде нотариус олардың атына үй аудара алмаймыз деді. Сот орындаушылары нотариалды қызметке де тыйым салған екен.

Балаларының атына аударғымыз келгенде де, нотариус анасында тыйым болса баласына да үйді аударып бере алмаймыз деді. Сол себепті несие тарихыңызды тексеріп, сот орындаушы қандай қызметке бұғат салынғанын біліңіз.

Барлық сот орындаушы нотариалды қызметке бұғат салмайды. Кейбірі тек карточканы бұғаттайды, кейбірі барлық қызметке тыйым салады. Бұдан шығудың жолдары бар екен.

Бұғаттан шешу үшін біз сот орындаушыларға, микроқаржы ұйымдарына бардық, телефондарын тауып, өтіндік, несиелердің жартысын жаптық.

Бір сот орындаушы бұғатты толық ашты. Ол анаға үйді сатып алу келісімшартымен алдық. Ал екі анаға сот орындаушылары жартылай ашты.

Жартылай ашса да үйді сатып ала алуға болады екен, тек келісімшарты бөлек. Яғни есепшоты бұғатталғандар үй аларда
сату-сатып алу келісімшартымен ЕМЕС (договор купли-продажи),
сыйға беру шартымен (договор дарение) ала алады екен.

Яғни, олар үйді заңды түрде сатып ала алмайды, оларға үйді сыйлай алады.

Ақтаста салынған жаңа үй біз үй аларда құрылтайшылық құжаттарын өзгертті. Құрылтайшы құжатында үйді тек сатуға болады деп жазылған екен, біздің өтінішімізбен, олар сыйға тартамыз деген тармақ қосты, оны ХҚО арқылы тіркеді. Бұл компания үй бағасын бір жарым миллионға түсірді. Төрт бөлмелі әрлеусіз үй алдық. Демеуші құрылыс заттарын алуға қаржы берді.

Қарызыңыз қаншаға өсіп кеткенін, қай сот орындаушы есепшотыңызды бұғаттағанын білгіңіз келсе «Шаңырақ» орталығының кеңесшісі Кымбат Булкаироваға жүгініңіз. Ол электронды үкімет порталы арқылы бұл қызметті алуға көмектеседі.

Ал сізді бұғаттаған сот орындаушының телефонын, кеңсесінің мекенжайын білгіңіз келсе, оны біздің орталықтың заңгері Жаннур Кудашбаева ханым тауып береді.

Есепшотыңыз бұғатталса жүре бермеу керек, себебі банк қарызы өсе береді, сот орындаушылар өз пайызын қосады. Анықтама алып тексеріп, сот орындаушыларға барып, ай сайын бөліп төлейтін кесте жасатып алу керек.

Үй алу, сот орындаушылар, есепшот бұғаттауға қатысты біраз тәжірибе жинадық. «Шаңырақ» орталығына келіңіздер. Біз АШЫҚ қосымшасын орнаттық, есігіміз ашық.

мекенжай : МҰҚАНОВ КӨШЕСІ 3

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.