«Шаңырақ» орталығы жариялған «Мейірім сыйла» челенджін «Бірлік» қоғамдық қоры қабыл алғанын жариялады.
Бүгін «Шаңырақ» орталығы жариялған «Мейірім сыйла» челенджін «Бірлік» қоғамдық қоры қабыл алғанын жариялады.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Қайырымды істер» марафоны аясында «Мейірім сыйла!» челленджін жариялады.
Челленджді «Ана-Мама» қоғамдық қоры қолдады. Олар 50 отбасы үшін азық-түлік себеттерін дайындап таратты. «Ана-Мама» ҚҚ эстафетаны «Бірлік» және «Зекет» қорларына тапсырды.
Челлендждің мақсаты – мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, назар аудару.
Челленджге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол Тәуелсіздік күніне дейін жалғасады.
Көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін +7-778-398-45-03 телефонына қоңырау шалуға немесе Мұқанов көшесі 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жүгінуге болады.
Челлендж хештегтері: #Qazaqstan30jyl, #MeninQazaqstanym, #Tauelsizdik, #Тәуелсіздік30жыл.
ВИДЕО:
