Қарағанды әкімі Бөлекпаев мырза «Шаңырақ» орталығына келді. Келе салып: «Проблема бар ма?» деп сұрады

БӨЛЕКПАЕВ: ПРОБЛЕМА БАР МА?

Қарағанды қаласының әкімі Ермаганбет Булекпаев мырзаны қарапайым халық жақсы таниды. Үнемі елдің ортасында, бір қарасаң қоқыс үйілген көшеде, бір қарасаң күрелмеген қарды тексеріп таң азаннан жол бойында, енді бірде жөндеу көрмеген үй тұрғындарымен кездесіп жатады. Мен білгелі, Бөлекпаев әкім боп келген бір жылдың ішінде тұрғындармен кездесуіне журналистерді тек екі-үш рет қана шақырды. Халықпен жиі кездесіп, мәселелерді шешіп жүрсе де, өзін жарнамалатып пиар жасаған емес.

Ол шешкен мәселелер баспасөзде жиі жарнамаланбайды, соған қарамастан халық әкім келіп, құтқаратындығына, мәселесін шешетіндігіне сенеді. Менің ойымша мұндай сенім өте қымбат тұрады.

Бөлекпаев мырзаны жарқыраған сахналардан да сирек көресіз. Көбіне марапатты сахнада оның орынбасары Нурлан Бикенов тапсырып жатады. Шаруақор әкім Бөлекпаев далада, елдің ортасында.

Бөлекпаев жарнамасыз ақ өз орнында отырғанын дәлелдеген адам.

Кеше Бөлекпаев мырза «Шаңырақ» орталығына келді. Келе салып: «Проблема бар ма?» деп сұрады. Мен аң-таң болып, проблема жоқ дедім.

— Жоқ, сіз айтыңыз, қандай проблемалар бар?-деді Бөлекпаев.

Әкім елмен кездесіп-кездесіп, әбден проблема естіп дағдыланып қалыпты.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Шаңырақ» орталығы қызметкерлері Айша Сулейменова, Кымбат Булкаирова , «Ана-Мама» қоғамдық қорының өкілі Жадыра Қуатбекованы Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Шаңырақ» орталығы ашылғалы ай сайын жүзге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Ол орталық қызметкерлерінің еңбегі. Олар жұмыстан тыс уақыттарын бөліп демеуші іздейді, оны таратады. «Шаңырақ» орталығы қызметкерлерінің осы еңбегін әкім бағалап, өз марапатын тапсырды. Қуаныштымыз.

Менің қызметкерлерімнің де әкімнен еш айырмашылығы жоқ. Олар да орталыққа келген әр адамға: «Проблемаңыз қандай?-деген сұрақ қояды.» Шаңыраққа» халық тек проблемасын айтуға келеді.

Әкімнің де, біздің де еститініміз күнде — ПРОБЛЕМА. Дегенмен мереке күндері марапат алу, елену — бізді жаңа биіктерге құлшынтады. Біз де өз тарапымыздан әкімге Алғысхат табыстадық.

Ермағанбет Қабдолұлы! Халықтан тек проблема ғана емес, алғыс естіңіз! Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.