«Шаңырақ» орталығы «Көп балалы отбасының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
4 САҒАТҚА СОЗЫЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ
Кеше «Шаңырақ» орталығы «Көп балалы отбасының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. 60 адам қатысқан республикалық конференция 4 сағатқа созылды.
Біздің мақсатымыз көпбалалылар мәселесін құқықтық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыда ғылыми жүйелеу, сараптама жүргізу, үрдістері мен бағыттарын анықтау, статистиканы зерделеу.
Конференцияға Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшы орынбасары Бақытнұр Талипова, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі, доцент, ә.ғ.к., Бану Абдрашева-Кулейменова, Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ нің доценті, п.ғ.к. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры С.С. Байсарина, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, п.ғ.к., доцент М.Д. Есекешова, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан педагог-зерттеуші Т.А. Қожанова, т.б ғалымдар, магистранттар, докторанттар, мұғалімдер, оқытушылар, студенттер, көп балалы аналалар қатысты.
Конференцияны жыл сайын өткізу жоспарланған, ғылыми мақалалар жинағы басылып шығады.

