«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жаңа заңгерді жұмысқа қабылдадық
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына жаңа заңгерді жұмысқа қабылдадық. Оған себеп бар. Өткен аптада серіктес қаладан 5 баласы бар ана хабарласты. Балаларыммен барып тұратын жер керек, өмірімізге қауіп төніп тұр деді. Мен Ассамблеяның Аналар кеңесі чатына салдым бұл хабарды. Аналар кеңесі мүшелері бірден көмек қолын созды. Серіктес қаланың Аналар кеңесі төрайымы көмек сұраған ананың мәселесіне жергілікті билікті іске қосты.
Ал Жанар Кенжегалиева ханым бұрын ішкі істер органдарында істеген тәжірибесіне сүйеніп, көпблалы анаға өзін қалай қорғау жолдарын үйретті, қандай өтініш жазу керектігін түсіндірді. Енді оны жәбірлеген адам бір ай бойы бұл отбасыға жақындауына, тіпті телефон соғуына қақысы жоқ.
Біз үш жыл бойы қаладағы дағдарыс орталығына бірде бір ана орналастыра алмадық. Біресе пцр-тест сұрады, бірде үнемі бос емес. Бірде балалардың жасы келмейді деді. Жалпы мұндай орталықтарға көпбалалылар орналаса алмайды, тек 2-3 баласымен қабылдайды. Әрине бір баласын апарып, екіншісін тастап кете алмайды, содан да жүгіну мүмкін емес.
Жанар Бейсенбекқызы жаңағы көпбалалы ананы бірнеше сағатта облыс орталығына алдырып, Қарағанды қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырды.
Осыдан кейін мен Жанар Бейсенбекқызына «Шаңырақ» орталығына заңгер болуға ұсыныс жасадым. Енді полиция подполковнигі, Ішкі істер органдарының ардагері көп жылғы тәжірибесін көпбалалы аналардың құқығын қорғауға жұмсайды.
Хабарласыңыздар. Қабылдау: онлайн, тек қарағандылықтар үшін.
Телефоны: +7 701 735 7362. Ватсабына аты-жөніңізді, мекенжай, телефоныңызды, сұрағыңызды бір сөйлеммен жібересіз. Сондай ақ, көпбалалы екеніңізді растайтын көк кітапшаның суретін жолдайсыз.

