Спонсорлар келіп көп балалы отбасылардың балаларына арнап 30 тәтті қорап пен 50 ойыншық тарту етті.
Бүгін «Шаңырақ» орталығына облыстық Мәслихат депутаты, Nur Otan Қарағанды облысы қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина, «Клуб добряков» жетекшісі, қалалық Мәслихат депутаты Зара Шалабаева, Центр Ипотеки Караганды директоры Айнура Сулейменова мен ұжымы келіп көп балалы отбасылардың балаларына арнап 30 тәтті қорап пен 50 ойыншық тарту етті.
Депутаттар «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Демеушілер тауып, сыйлықтар алып келді. Халық қалаулыларымен келесі жылға арнаған жақсы жоспарларымыз бар. Біздің орталықты үнемі назарда ұстап, отбасыларға көрсеткен қолдауы үшін депутаттарға алғыс айтамыз.
«Центр ипотеки Караганды» мекемесі қалада баспана бақытын сыйлауға үлес қосып жүрген орталық. Ипотека нарығында көшбасшы. Тұрғындарға тиімді пайызбен, жайлы баспана алуға толыққанды кеңес беріп, үй алуға жәрдемдеседі. Бұл орталық осымен екі жыл қатарынан бізге демеушілік етіп келеді. Әр отбасыға бақыт кілтін сыйлай беріңіздер құрметті ұжым!
Жаңа жыл құтты болсын қарағандылықтар!

