«Шаңырақ» орталығына ОТБАСЫ БАНК Қарағанды облысы филиалы ұжымы 30 балаға тәтті тарту-таралғы әкелді.

«Шаңырақ» орталығына ОТБАСЫ БАНК (Жилстройсбербанк Казахстана) Қарағанды облысы филиалы ұжымы 30 балаға тәтті тарту-таралғы әкелді. Бауыржан Жуаспай басшылық ететін Отбасы Банк Казахстана Қарағанды облысындағы бас кеңсесі көпбалалы отбасыларды үш жыл бойы қолдап, қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Біздің орталық бұл банкпен үнемі тығыз байланыстамыз. Осы банктің арқасында мыңдаған отбасы баспаналы болды. Біз «Шаңыраққа» келген әр анаға осы банктің бағдарламаларын насихаттаймыз. Банк қызметкерлері кәсіби маман ғана емес, жылына бірнеше рет, мерекелерде өз қаржыларына сыйлық жасайды.

Жаңа жылда баспана бақыты бұйырған отбасылар көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.