Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы өпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ұжымы бүгін «Шаңырақ» орталығына келіп, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Жаңа жыл алдында мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еткен ұжыммен осыған дейін де серіктес болғанбыз. Біз ұйымдастырған «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайысқа академияның көпбалалы оқытушысы Аят Нурбеков мырза қатысып, қолдаған болатын.

Қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақшылар, жаңа жылды ізгіліктен бастауды жөн көріпті. Академия ұжымы қаржы жинап, қайырымдылық игі іс жасады. Біз академияға 18 отбасының тізімін бердік. Оның екеуіне азық-түлік, ал 16 отбасыға ақшалай көмек көрсетті. Аят Мұратханұлы ұжым аманат еткен көмекті өз қолымен тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.