ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы «Шаңырақ» орталығына жаңа жылдық сыйлық әкеліп, көпбалалы отбасыларға тапсырды

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы директоры Серікжан Байбосынов бастаған ұжым бүгін «Шаңырақ» орталығына жаңа жылдық сыйлық әкеліп, көпбалалы отбасыларға тапсырды. Біз академияға 5 отбасын ұсындық.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдірумен айналысатын ұжым қаржы жинап, жаңа жыл алдында балаларға қуаныш сыйлауды мақсат етіпті. Мемлекетке қызмет етуді — халыққа қызмет деп түсінген, елдің әлеуметтік жағдайына алаңдап, қамқорлық танытқан ұжымға алғысымыз шексіз.

Біз демеушілерге тізім ұсынғанымызбен, олар әр отбасыға не әкелетінін өздері шешеді. Біреуі барлық балаға сыйлық жасайды. Екіншілері тек бір балаға арнап әкеледі. Біреуі ойыншық сыйласа, екінші демеуші тәтті сыйлайды.

Біз жалпы әр отбасыға бір сыйлықтан беруге тырысамыз. Кейде, барлығына бірдей бере алмағанымыз үшін жанымыз ауырады. Себебі жаңа жылда ғажайыпты күтетін бала көп… Дегенмен, бастысы әр отбасының назардан тыс қалмағанын сездіру.

Басты бақыт — балаңның аман болғаны. Одан артық сыйлық жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.