2021 жылы Қарағанды облысы «Қайырымды істер» ұлттық жобасында қайырымдылық бойынша алға шыққан үштікке енді. Ұлттық жоба сайтында «Шаңырақ» орталығы ұйымдастырған акциялар ұдайы жарияланып тұрды. Яғни ізгі істер марафонында аймақтың көшбастауына біз де тамшыдай үлес қостық. Облыс әкімдігі «Шаңырақ» орталығы қызметкерлері Кымбат Булкаирова мен Айша Сулейменованы Құрмет грамотасымен марапаттады. Жаяу-жалпы демеуші іздеу, оларды игі іске көндіру де оңай шаруа емес. Еңбектің бағаланғаны үшін қуаныштымыз.
Пандемия қаһарына мінгенде барлығымыз үйде отырдық. Ал жастар бастарын қатерге тігіп, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік тасыды. Көшелер бос қалып, көліктер тоқтағанда әр есікті қағып, көмекке келген — жастар. Мен өзім былтыр оларға жүзге жуық отбасының тізімін бердім. Отанды сүю, патриотизм деген осы болса керек. Биыл жастар «Шаңырақ» орталығына 25 тонна азық-түлікті түсіруге көмектесті. Менің қызметкерлеріммен бірге ауыр жәшіктерді көтерді. Біз көпбалалы отбасыларды қашанда қолдайтын Қарағанды облысы жастар саясаты басқармасына, басшсы Біржан Әлімжанов қа, Жастар ресурстық орталығына, «Jas Otan» жастар қанатына алғыс айтамыз. Кеше Жастар басқармасы басшысы Біржан Әлімжанов мырза «Шаңырақтың» үш қызметкеріне Қымбат Булкаироваға, Айша Сүлейменоваға және Асель Торехановаға Алғысхат тапсырды. Бірлесіп көтерген жүк жеңіл. Елге қызмет ете берейік!

