Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің студенттік «Лига добра» еріктілер клубы «Шаңырақ» орталығы ұсынған 20 балаға жаңа жылдық сыйлық апарды
Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің студенттік «Лига добра» еріктілер клубы «Шаңырақ» орталығы ұсынған 20 балаға жаңа жылдық сыйлық апарды. Аяз ата мен ақша қар балаларға әдемі тілек тіледі. Ал балалар өз армандарымен бөлісті. Колледж ұжымы студенттерге ізгілік пен мейірімнің ең басты құндылық екенін осындай қадамдар арқылы насихаттауда. Жаңа жылда барлық баланың арманы орындалсын!

