ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БЕРІЛЕТІН 1 млн 225 мың теңгелік грантты ҰТУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТЕМІЗ

ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БЕРІЛЕТІН 1 млн 225 мың теңгелік грантты ҰТУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТЕМІЗ

Бүгін»Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының инстаграммдағы @qaragandy.analary парақшасында екі тікелей эфир өткіземіз.

Біріншісі сағат 11.00-де Достық үйінің конференция залында өтетін «Микрокредиттер мен несиелерді төлемеген кездегі жауапкершілік» атты түсіндіру шарасы. Инстаграмм @qaragandy.analary
парақшасында тікелей эфирге шығамыз, қосылып, сұрақ қойыңыздар. Биыл несиелерді уақытында төлемегендерге қатысты жауапкершілік қатаңдады.

Спикерлер: «Шаңырақ» орталығының заңгері Жанар Кенжеғалиева, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының жетекші маманы Гульмира Кенжебекова.

Екінші эфир сағат 16.00-де Достық үйінің конференция залында «Жұмыссыздарға арналған 1 млн 225 мың теңгенің қайтарымсыз грантын ұтудың жаңа ережелері» деген атпен өтетін шара. Инстаграммдағы @qaragandy.analary парақшасынан қосылып, тыңдай аласыздар. Былтыр жұмыссыз азаматтар үйде отырып кәсіп ашуына мүмкіндік беретін қайтарымсыз грант мөлшері — 583 мың теңге болса, биыл грант — 1 млн 225 мың теңгеге өсті. Жаңа ереже шықты, түсіндіреміз.

Спикерлер: «Атамекен» ҰҚП Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Меруерт Қасымова, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Азамат Төрехан.

Ұйымдастырушы: Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен «Шаңырақ» орталығы.

PS: Видеода «Шаңырақ» орталығы 2021 жылы атқарған шаралардың бейнебаяны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.