Аналық махаббатым шексіз саған……
МАХАББАТЫМ ШЕКСІЗ САҒАН…
Махаббатсыз тіршілікте мән жоқ… Барлық жеңістер мен қателіктер махаббат үшін жасалады.
Біз махаббат шуағын себу үшін жаралғанбыз. Бірақ біздің махаббатымызды керек қылмайтындар да бар…
Достық үйінде «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының үш жылдық мерейтойын атап өттік. 15 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тапсырдық. Қарағанды облысында «Балалар жылын» ашық деп жарияладық. Қазақы ырыммен Евгения Сакипова ханымның баласының тұсауын кестік. Евгения басына орамал тартып, қызы Сабинаны қазақша киіндіріп алып келді. «Талбесік» аналары түсірген клипті тамашаладық. Кеште Сейіл Аяғанов, Сейілбек Боқаев, Қуаныш пен Гүлзар, Меруеш Башайлар ән салды. «Шабыт» шығармашыл клубының ақындары жыр оқыды. «Искорка» балалар ансамбілі би биледі.
Мен аналарды бөлмеймін, көпбалалы, жалғызбасты, жолы болған, жолы болмаған… Бұл тағдыр. Әркім өз жүгін өзі арқалап жүр.
Осы үш жыл — менің осыған дейін сүрген ғұмырымның ең жарқын, ең аяулы кезеңі. Мен басында басқалармен бірге мұңайып, бірге жылайтынмын… Қазір жалған мен ақиқатты ажырата алатын күйге жеттім.
Ақиқиқат біреу — Ананың махаббатын ешкім алмастыра алмайды.
Кешке қоғам белсенділері Maira Tóleý-begim, Нияз Сундиталиев, Асель Бекбаева, Зара Шалабаева, Татьяна Абрамова лар және
Рымбала Кенжебалақызы, Кадиша Оспанова, Юлия Бадина, Мирас Құттыбай, Айтбай Жұмағұл, Марат Қанатұлы Түсіп, Ержан Беркелұлы, Рүстем Сыздықов, Жадыра Жанатқызы, Айжан Сибакова Никулин, «Азаматтық альянс», Отбасы Банк Казахстана, Центр Ипотеки Караганды, Ассоциация деловых женщин Казахстана,
«Харекет» қоры, «Ана-Мама» қоры, «Келімбетов» ЖШС, «Коктем» ШЖС, «Данияр ет», «Бірлік» қоры, «Мир добра» қоры, «Батыл жүрек», «Асар-Уме» қоры, Білім, Денсаулық, Спорт, Жастар, Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ассамблея, «Сарыарқа» ақпарат холдингі, Білім бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту бөлімі, Қазыбек би атынағы әкімдік пен Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігі келіп қатысты.
Кешті көрікті етіп, сценариін жазған ақын, көпбалалы ана Эльмира Сайлауқызы. Әуезді әндер, жүректі тебіренткен өлеңдер, балалық шақты еске түсірген балалар биі — керемет салтанат сыйлады. Эльмира біздің кешті өте жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Ал сахнаның сыртындағы барлық ауыр жүкті теңдей бөліп, маған мүлдем салмақ салмаған — «Шаңырақ» орталығының қызметкерлері Айша Сулейменова, Кымбат Булкаирова, Асель Тореханова, Гульжанар Абдигулова лар, қолынан бал тамған Зейнегүл Малибаева.
Менің жүрегімнің бөлшегі, мен шақырсам тауды төңкеруге даяр Бакытты Канапинова, Назгүл Рашева, Баян Мамитова, Камшат Нүрбекова, Алтыннур Шашубай, Жанар Машабаевалар бастаған «Талбесіктің» қыздары бұл кешке арнайы дайындықпен келді. Олар ана туралы клип ұсынып, сахнада бірге шырқады.
«Талбесік» — ана мен бала арасын жалғап тұрған құдірет. Ананы баласыз, баланы анасыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де, біз мерекемізді «АНАЛЫҚ МАХАББАТЫМ ШЕКСІЗ САҒАН…» деп атадық.
«Талбесіктің мерекесі — балаға деген шексіз махаббаттан тұрады. Мереке құтты болсын!
ВИДЕО:

