АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

«Қаңтар қасіреті» құндылықтар жүйесін өзгертті, санамызға төңкеріс жасады. Биыл «Алғыс айту» күні де жаңа сипатқа ие болды. Бүгін Қарағанды облысында «Алғыс айту» күні қарсаңында қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың ата-аналарына жаужүрек ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтылды.

Достық үйінде өткен шарада адам жанына араша түскен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, дерті жанына батқан жандарға қан тапсырып, мейірбандық көрсеткен еріктілер, интернет бұғатталған кезде ақпарататпен қамтамасыз еткен журналистер, банк аударымдары кешіккенде азық-түлікпен қарайласқан қоғамдық ұйым, қайырымдылықпен айналысатын этнос өкілдері облыс әкімі Jenis Qasymbek тің алғысхатымен марапатталды.

«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ел басына күн туғанда демалыссыз жұмыс істедік. Жәрдемақысы мен зейнетақысы кеш түскен отбасыларға азық-түлік тараттық. Қарулы қақтығыс болған елдерден келген отбасыларға барып, жағдайымен таныстық, тамақпен қамтамасыз еттік, құжаттарын реттеуге көмектестік. Бүгін біздің орталықтың қызметкері Асель Төрехановаға  облыс әкімінің және Қарағанды тұрғындарының атынан Алғысхат берілді.

«Алғыс айту» күніне орайластырған шарада көзге жас толды, «Қаңтар оқиғасының» енді қайталанбауын тіледік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.