Ақын Салтанат Смағұлтегі Достық үйінде үш кітабының тұсаукесерін жасады
Бүгін ақын Салтанат Смағұлтегі Достық үйінде үш кітабының тұсаукесерін жасады. Өнер, ғылым, психологияны қатар алып жүрген ақын қыз бүгін жиған тәжірибесі мен білімін, Алла берген дарынын қағазға қаттап қолымызға ұстатты. «Шаңырақтың» төрт қызы Айша Сулейменова, Кымбат Булкаирова, Гульжанар Абдигулова
тамаша кешке көрермен болып қайттық, шашуымызды табыс еттік. Ән шырқалды, өлең оқылды. Астанадан Tanagoz Tolkynkyzy, Айжан Табаракқызы, Шымқаладан Әселхан Торбаева лар келді. Пандемиядан кейін, мұндай рухани кештерге шөлдеп қалыппыз. Жанымыз демалған кеш болды.
Салтанат Амангелдіқызы біздің орталықтың психологы. Психолог ретінде өте мықты маман деген баға алған маман.

