«Шаңырақ» орталығы жаттанды сценарийден бас тартып, Наурызды өзгеше етіп өткізбекпіз.
«Шаңырақ» орталығы жаттанды сценарийден бас тартып, Наурызды өзгеше етіп өткізбекпіз.
Екі жыл Наурыз мейрамын жалпыхалықтық деңгейде атап өте алмадық. Биыл сол олқылықтың орнын толтыру үшін орталық саябаққа киізүйлер тігіліп, салтанатпен мерекеленбек. Әдетте наурыз мейрамында ән айтылады, ұлттық дәстүрден көрініс ойнатылады.
Ертең сағат 10.00-де «Шаңырақ» орталығының алдында дастархан жайып, наурызкөже таратамыз. Ұлттық ойындар ойнатылады.
Ал 11.00-де С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Өнегелі отбасы – мемлекет тұтқасы» атты сайыс өтеді. Сайысқа көпбалалы отбасылар балаларымен қатысады. Ұлыстың ұлы күнінде осылайша отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрді ұлықтамақпыз. Сайыстың ортасында әнші Айгүл Бақторазқызы, Мұрат Қоңыр, Роза Майролқызы, күйші Мадияр Сулейменовтер ән шырқайды, күй шертеді. Сайысты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жүргізушілері Гәкку Медеубаева, Әмірхан жүргізеді. Келіп тамаша кештің куәсі болыңыздар.







