ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — ЖАҢА НАУРЫЗ
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН — ЖАҢА НАУРЫЗ
«Жаңа Қазақстанның» наурызы да жаңаша өтуі тиіс. «Шаңырақ» орталығы Ұлыстың ұлы күнін балалар ұмытпайтындай етіп ұйымдастырдық. Балалар ата-аналарымен бір команда құрып, сайысқа түсті.
Наурыз мейрамы тек көшеде тойланатын мейрам болып қалмауы тиіс. Біз бұл мейрамда көпбалалы отбасылар арасында командалық байқау өткізіп, ұлттық дәстүрді ғана емес, отбасылар арасында ынтымақты, ауызбіршілікті бекітуге күш салдық. Сайыс барысында балалар салт-дәстүр жоралғыларының мәнін ұғынды.
Әуелі «Шаңырақ» орталығының алдында дастархан жайдық, халыққа Наурызкөже үлестірдік. Наурыз — татулықтың, ынтымақтың белгісі. Сол себепті көрші-қолаңды шақырып, ұлттық ойындар ойнаттық, ән салдық, арнау айтылды, бата берілді.
Одан кейін Сәкен атындағы қазақ драма театрында «Өнегелі отбасы— мемлекет тұтқасы» байқауын бастап кеттік. Сайыста көпбалалы отбасылар Ибраевтар — бас жүлде, Зардыхан — 1 орын , Боранбаевтар — 2 орын, Хуанар — 3 орын иеленді. Өнерлі отбасылар төрт тур бойынша жарысты. Әділқазылар: ардагер ұстаз Күліш Төлеуханқызы, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, Тәттімбет атындағы өнер колледжі директоры Бауыржан Абдухамитов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшы орынбасары Бахытнұр Талипова.
Кеште танымал әншілер Айгүл Бақторазқызы, Роза Қайролқызы, Мұрат Қоңыр, күйші Мадияр Сулейменов тер өнер көрсетіп, Гәкку Медеубаева, Әмірхан Беркінбаевтар жүргізді.
Бізді қолдаған Баян Нуртаева, Aigerim Isbekova, «Vook» мейрамханасы, Центр Ипотеки Караганды.
Орталық Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындайды.
«Шаңырақ» орталығы көпбалалыларды әлеуметтік қолдаумен ғана шектелмейміз, руханиатқа да қызмет ету басты мақсатымыз.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
ФОТО ВИДЕО:

