Аналар несие қарызы бойынша қайда қалай жүгіну керектігі туралы кеңес алды.
Бүгін Қарағанды қаласы әкімдігінде көпбалалы аналар қала әкімінің орынбасары Нурлан Бикенов пен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Bahytnur Talipova мен, жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасының басшы орынбасары Айымбетов Нұрғали Бектасұлы, облыстық қаржы нарығын реттеу агенттігінің бас маманы Кирсанова Наталья Юрьевнамен кездесті. Кездесуде несие қарызын өндіру, бұғатталған есепшотты шешу, микроқаржы ұйымдарының жағалай қарыз беруі, сот орындаушылардың дөрекілігі, кредиттің «қара тізімінен шығуды» талқыға салдық. Аналар несие қарызы бойынша қайда қалай жүгіну керектігі туралы кеңес алды.
«Шаңырақ» орталығы аналар тарапынан түскен шағымдарды мемлекеттік органдармен бірлесіп талдап, шығу жолдарын түсіндірумен айналысады. Орталық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындайды.

