ОСК ТӨРАҒАСЫ ӘБДІРОВ НҰРЛАН МӘЖИТҰЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОСК ТӨРАҒАСЫ ӘБДІРОВ НҰРЛАН МӘЖИТҰЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін академик Е.А Букетов атындағы университет қабырғасында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров Нұрлан Мажитұлы Қарағанды жұртшылығымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі арқауы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған сайлау процесін жаңғырту жөніндегі бастамаларын түсіндіру, талқылау, ұсыныстарды тыңдау болды.

Кездесуде қатысушылардың сұрақтарына және ұсыныстарына баса назар аударып қызу талқыланды. Облыс, қала, аудан, ауыл әкім сайлауларына жаңашылдық керектігін басып айтты.

Сонымен қатар сайлау комиссияларын құру және олардың қызметі, бақылаушылардың құқықтары мен өкілеттіктерін сақтау, сайлау учаскелерін бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселелері де қозғалды.

Жалпы болған әңгіме жұртшылықтың сайлау процесіне қызығушылығын, демократиялық өзгерістерге дайындығын көрсетті.
Нұрлан Мажитұлы өңірлерді алғаш рет аралап отырғанын және оның Рамазан айына сәйкес келгені үлкен бастама деп айта кетті. Айтылған барлық ұсыныстар ескеріледі деді .

Жаңа Қазақстанды құруға осындай іс-шаралар алғашқы қадамдардың бірі деп жұртшылықта қолдады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.