Sunqar_media әншілер шақыруымен айналысатын қарағандылық команда «Шаңырақ» орталығына 110 билет сыйлады.
10 май циркте Тоқтар мен Бейбіттің «Әдемім» атты концерті өтті. Әншілер үш жылғы үзілістен кейін өткізген тұңғыш кешін Қарағандыда өткізуді ұйғарыпты. Sunqar_media әншілер шақыруымен айналысатын қарағандылық команда «Шаңырақ» орталығына 110 билет сыйлады. Біз концертке Тыл ардагерлерін, «Шаңырақ» орталығы ұйымдастырған шараларға белсене қатысқан көпбалалы және ерекше баласы бар аналарды шақырдық.
Біз ұйымдастырған шараларға белсене қатысатын аналарға осындай тосынсыйлар жасаймыз. Инстаграммдағы «Шаңырақ» орталығының @qaragandy.analary аккаунтына жазылыңыздар.








