Тыл ардагері Бәтен Қауымбаеваны құттықтап қайттық
Жеңіс күніне орай, Шаңырақ орталығы 12 баланы дүниеге әкелген 88 жастағы қарт ана, Тыл ардагері Бәтен Қауымбаеваны құттықтап қайттық. Азаматтар ұрыс даласына аттанғанда майданға азық-түлік пен қорғаныс құралын жөнелткен аналар мен балалар. Әлемде тұтанған әр соғыс аналардың жүрегіне салмақ салады. Біз ұлдарымыздың оққа ұшпауын, бауырымыздың бүтін болғанын қалаймыз. Бәтен әже әлемді шайқаған соғыс тоқтаса екен деп аналық жүрегімен езілді. Бізге ұрпақтарың соғыс көрмесін деп бата берді.
Отан соғысында әр шаңырақ қаралы хабар алғанда елді теңселтпей ұстап қалған ұлы рух — Отанға деген махаббат. Жеңіс күні біз майдан даласында қырылған ерлерді еске аламыз. Ел басына күн туғанда қаршадайынан еңбекке араласып, жетім-жесірге, қарттарға сүйеу болған соғыс балаларына құрмет көрсетеміз. Бар ауыртпалықты нәзік иығымен көтеріп жеңіске үлес қосқан аналарымызға бас иеміз. Бұл күн соғыстың зұлымдығын еске алатын күн. Еліміз аман болсын!
ВИДЕО

.
