«Шаңырақ» орталығына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов келіп, жұмыс барысымен танысты
«Шаңырақ» орталығына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов келіп, жұмыс барысымен танысты. Орынбасармен бірге облыстық Әлеуметтік қамту бағдарламалары басқарма басшысы Асем Джунуспекова, орынбасары Толеу Мухтар, Қарағанды қаласы Жұмыспен қамту бөлімі басшысы Жанай Искаков, орынбасары Bahytnur Talipova келді.
Ермек Амантайұлы біздің ұсыныстарымызды тыңдады. Орынбасарға кеңсені, құжаттарды, қызметкерлерді таныстырдық. Бізде барлық қызмет, көмек құжатқа тіркеледі. Ай сайын тиісті органдарға қаржылық, шығармашылық есеп тапсырамыз.
Жалпы облыс әкімдігі көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Кез келген ұсынысқа ашық. Жұмысты осы форматта жалғастыра береміз.


