БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ ОН АЛТЫНШЫ БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫҚ!

ОН АЛТЫНШЫ БАСПАНА!!!

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Шаңырақ» орталығы екі отбасыға баспана кілтін сыйлады. Мүмкіндігі шектеулі 80 балаға шоу-бағдарлама ұйымдастырды. Біздің демеушілер балаларға балмұздақтар таратты, тәттілер мен ойыншықтар үлестірді. Тілек білдірген барлық бала бетіне тегін сурет салдырды.

«Шаңырақ» орталығы биылғы мерекеде ерекше балаларға шаттық сыйлауға шешім қабылдадық. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларды шақырдық. Аниматорлар «Шаңырақтың» алдындағы алаңқайда балаларды билетті, ойнатты. Демеушілер де балалармен бірге ойынға қатысты. Аквагримге кезек көп болды, бүлдіршіндер бетіне суреттер салдырып мәз боп кетті. Сыйлық та көп болды. Шақырылған әр балаға ойыншық пен шоколад, сусын сыйладық. Ата-аналар мәз болып, балалармен бірге секірді, шапалақтады, биледі, жүгірді. Бастысы бұл мерекеде көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін сыйладық.

Бірінші баспананы біздің түрақты демеушіміз, белгілі бизнесмен сатып әперді. Екі бөлмелі пәтерді мүмкіндігі шектеулі баласы бар, көп балалы, асыраушысынан айрылған ана Жәмила Сабот ханым иеленді.(Бұл пәтерді әперген бизнесмен, біз ұсынған он бесінші отбасыға үй әперіп отыр. Жылдың соңына дейін бұл кәсіпкер тағы бірнеше үй әпереді, бұйыртса).

Екінші үйді, «Талбесіктің» үш жылдығында біз баласының тұсауын кескен Евгения Сакипова ханым иеленді.
Үйді «АсарУме» қайырымдылық қоры сатып әперді, кілтін қор өкілі Рамазан Шкен тапсырды. Біз үйге мұқтаж отбасыларды түрлі қорларға ұсынамыз. Евгения ханымның құжаттарын толтырып осы қорға ұсынғанбыз. Евгенияның бес баласы бар. (Бұл қорға біз екі отбасы ұсынғанбыз. Екеуіне де бұл қор баспана сатып әперді).

Сонымен, «Шаңырақ» ортаығы өзінің он алтыншы үйінің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Үй — бақытты балалық пен отбасы ынтымағына жол ашатын бақыт мекені. Енді бұл отбасылар үй жалдамайды, көшіп жүрмейді, меншікті баспанасы бар.

Ана үшін баласының аман-саулығынан асқан бақыт жоқ. Ауыр сынаққа кезіксе де мойымай, ерекше балаларын мәпелеп отырған барлық ана — БАТЫР. Барлық еңбектеріңіз ақталып, балаларыңыз аяққа тұрсын, Сіздер аман болыңыздар.

Бізге мерекелік бағдарламаны ұйымдастыруға көмектескен демеушілер:

«KAZ Феррит» ЖШС,
«AsarUme» ҚҚ,
Amanat Qaragandy Oblysy, Бекзат Алтынбеков,
Qazybek Bi Amanat,
Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области,
Асем Джунуспекова,
Қалалық Мәслихат депутаты Махамбетов Амиран, тұрақты демеушіміз,
Ресторан Vook, Меруерт Алимбаева, тұрақты демеушіміз,
Ресторан Kamila, тұрақты демеушіміз, «Ана-Мама» ҚҚ, тұрақты демеушіміз, Жадыра, Ержан Беркелов,
Кәсіпкер Aйжан Сибакова,
Автопарк #5,
Автопарк #3,
Студия Торжеств Да, @anelyadil

Бүгінгі мереке балалардың ғана емес, періштелерді жарық дүниеге әкелген — аналардың да мерекесі! Балалар жыламасын, аналар жабырқамасын! Бастысы, әлемде соғыс болмасын, бейбіт заман болсын!

ВИДЕО:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.