«ШАҢЫРАҚ» ҰНЫ
«ШАҢЫРАҚ» ҰНЫ
Қарағандыда «Шаңырақ» деген атпен ұн шығарылады. «Атамекен Компани» ЖШС компаниясы Құрбан айт мейрамында «Шаңырақ»орталығына 500 келі ұн әкелді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірлесіп жылына екі рет, кәсіпкерлерді тартып, қайырымдылық көмек ұйымдастырады. Табысымен бөлісіп, мұқтаж отбасыларды қолдаған бизнесмендерге, дәнекер болған мемлекеттік қызметшілерге алғыс айтамыз. Ниеттер қабыл болсын.
«Атамекен комании» ЖШС — қуаттылығы тәулігіне 150-200 тоннаға дейін бидай өңдейтін диірмен кешені. Компания МЕМСТ-тың 1,2 сұрыптағы ж/с ұнын, бидай кебегін сатады. Қазақстан және жақын шетел бойынша ТЖ және автокөлікпен жеткізеді. Өнімдерді тек ең жақсы шикізаттан шығарады. Сатып алушының өтінімі бойынша ұн дайындайды. Жеткізіп береді.

