Тосыннан келетін шабуылға психологиялық дайын болу жолдары

Журналистерді зерттеу әдістеріне редакциядағы сұрау салу, сауалнама, социометриялық сұрақ-жауап, контент-талдау, тәжірибе, социологиялық бақылау, социопсихологиялық тестік әдістер. Тәжірибелі журналистер өзінің қызметінде көздеген мақсатына жету үшін зерттеу әдістерін қолданады. Әсіресе соңғы жылдары журналистер ақпарат жинаудың социологиялық әдістеріне мықтап ден қояды бастады.
Бастапқы және ақпаратты жинақтау және өңдеу
Бұл кезең екі негізгі бөлімнен тұрады. Біріншісі объект немесе оқиға туралы ашық көздерден ақпарат жинау. Екінші бөлім — түрлі мәліметтер базасында жазылған объективті ақпаратты іздеу. Ашық көздерден ақпарат жинау — кітапxана жұмысы [1]. Сізді қызықтыратын пән бойынша барлық БАҚ басылымдарын қараңыз, интернет қолданыңыз, егер қажет болса — арxив. Нәтижесінде сіз бағалы ақпараттық өнімнің, яғни құжаттама иесі боласыз. Бұл материалдарды талдау, мүмкін, сізге тақырып бойынша жалпы көрініс қана емес, келесі зерттеулер үшін де бағдар береді. Журналисттік тергеу агенттігінде арнайы мұрағат- аналитикалық бөлім бар, оның қызметкерлері бүгінде бар барлық ашық көздерден ақпарат жинау теxнологиясын еркін меңгерген. Сондықтан, АЖУРда бірінші кезең журналисттер үшін емес. Ереже бойынша жаңа зерттеулер тақырыбын анықтап, біз мұрағат — аналитикалық бөліміне тиісті сұрау жібереміз және біраз уақыттан кейін біз барлық ашық көз ақпараттарының негізінде жасалған, құжаттаманы қабылдаймыз. Мұрағат-аналитикалық бөлімінің қызметкерлері осы құжаттама бойынша жұмыс жасау кезінде, тергеу бөлімі қарапайым (өз бетінше жұмыс істейтін) журналистпен ақпаратты жинаудың екінші кезеңі мен бастапқы кезеңімен жұмыс жасайды.
Ақпарат табу көздері
Журналистпен ашық қарым-қатынасқа түсе алатын адамдар жайлы сөз қозғайық. Ақпарат табу көздерін екіге бөліп қарастырайық «жолдастар» не «жалған сөйлеушілер». Жолдастар- сөзсіз, ақпарат көзінің ең тәуірі. Бұл адамдар сіздің көзқарастарыңызды қабылдап, жақсылық үшін сізбен бір анаға тоғысуға дайын. Жолдастардың берген ақпараты сенімді және анық болуы мүмкін. Алайда, жалған ақпараттың элементтері де кездесіп жатады. «Жалған сөйлеушілер»- бұл адамдар жалған ақпарат таратудан рахаттанады. Бұл типті адамдарды жиі кездесіруге болады [2]. Олармен хабарласу да қиын емес. Олар көбінесе, өздері ақпарат таратуға құлшынып тұрады. Ақпараттың сапасы әрине өте төмен, тек қоқыс жәшігіне лақтыру үшін жазылған десек те болады. Жалған сөйлеушілер» — кемшілігі мол жандар, сол себепті олар өздерін байқап, сыпайы сөйлеуді талап етеді. Олар жандары жараланған, ренжігіш, қызғаншақ. Сонымен қатар, досыңыздан дұшпаныңызға оп-оңай айнала алады.
«Жолдастар» мен «Жалған сөйлеушілерді» журналистік зерттеу жүргізу барысында ажырату қиын емес. Бастысы оларды сізбен жұмыс жасауға көндіру. Оларды бір- бірінен ажырата алудың нұсқау- кітапшасы жоқ [3]. Бұл жерде журналистің шеберлігі басты рөл атқарады. Оларды қалтаға түсушілермен салыстыра аламыз. Біліксіз оперативник бірнеше апта бойы «қонақ үй ауласы» әмбебап дүкенін аңдып, бір де бір қалтаға түсушіні құрықтай алмауы мүмкін. Ал, талантты оперативник бірден «өзінің адамын» көре алады.
Теріс пиғылдағы ақпарат көздері
Сөз журналистпен жұмыс жасауда пайдаға кенелгісі келетін жандар туралы болмақ. Бұл пайда ақшалай немесе ақшалай емес болуы да мүмкін. Біріншіден, кейбір дерек берушілер өздерінің ақпараты үшін «ақша» алады. Журналист бұндай адамды сенімді деп тануы мүмкін. Бірақ, олай емес екендігіне қаншама рет көзіміз жеткен. Ақша талап ететін дереккөздің басты кемшілігі, ақпараттың құнын өсіріп, оны кейде теріс беруі де ғажап емес. Себебі, журналистке өзінің ақпаратының қаншалықты құнды екенін көрсету, әрі қарай басқа да пайдаланатын адам іздей береді. Ақша талап етушімен жұмыс істемес бұрын, осындай дереккөзбен жарты жылдан артық жұмыс жасауға болмайтынын ұмытпаңыз [4]. Тағы да, сіз беретін ақша құны аса қомақты болмауы керек. Журналистік зерттеу агенттігінің практикасына көз салсақ, ақша талап етушілерді екі жағдайда қолдану керек екенін көреміз. Олар бірінші, күтпеген жағдайда және бірнеше рет тексерілген ақпарат беруші ретінде.
Ақша талап етуші мен жұмыс жасамау кезінде журналист пен ақша талап етушінің ара- қатынасы қандай екені өте маңызды. Бір нәрсені ұмытпаған жөн: ол ақпарат берушіге сіз ақша төлеп отырсыз, ол сізге емес. Сондықтан да, оның айтқан әр сөзін жария етуге міндетті емессіз. Ақпарат берушіге қандай қарым- қатынаста екеніңізге қарамастан баспасөз бетіне қай ақпараттың шығуы мен шықпауын сіз өзіңіз жұмыс жасайтын БАҚ басшылығымен келісе отырып шығарасыз. Ол ақпаратты тегін беруі де мүмкін. Бірақ ешқашан журналистпен жұмыс жасап көрмегендіктен, ұсақ- түйектерден бейхабар. Журналисттен ақшалай пайда тапқысы келмейтін адамдар, бір жақты емес. Көбінесе, бұндай дереккөздер журналистті бәсекелестермен күресі үшін қолданады. Көбіне журналист өзі де екі арада «тасушы» қызметін атқарып жатқанын түсінбей қалады. «Тасушы» қызметін кейінгі кезде құқық қорғау органдары қолданып жүр [5]. Қалай болғанда да, журналист екінші адамға күйе жағу барысында, біріншісіне не үшін көмектесіп жатқанын ұмытпауы керек. Сіздің дереккөздің көздеген саяси астары болуы мүмкін. Көптеген саяси көшбасшылар саясатқа сара жолды, ащы шындықты халыққа жеткізу арқылы салады.
Журналистің аудиториямен қарым-қатынасы әлеуметтік байланыстар негізінде орнайды. Журналист пен аудитория арасындағы үздіксіз ақпараттар ағыны тек бір бағытты емес , ол журналист жауапкершілігінің арқауын сезіне отырып, арнасын кері бағытқа бұрады. Осы өзара байланысқа негізделген жүйедегі белсенді рөлді журналист атқарады. Журналист кәсіби шебер, асқан жауапты болумен қатар ең көкейтесті проблеманы де көре білуі тиіс.
Журналист күрделі әлеуметтік оқиғаларды талдау барысында социологиялық әдістерге жүгінуі мүмкін. Бірақ, журналистің социолог пен маркетологтан ерекшелігі — тек танымдық алғашқы кезеңмен шектелмейді. Келесі кезең – «шығармашылық ой толғау» кезеңі. Танымдық тұрғыдан мәселені ой елегінен өткізіп, толымды пікір айту, деректерді қорытып, көркем шығармашылық әдістерін пайдалану кезеңі [6]. Бұл кезеңде журналист эмпирикалық танымдық тәсілден публицистік ғылыми деңгейге көқтеріліп, тұжырым түйеді, ұсыныс айтады, проблеманың шешілу жолын көрсетеді. Журналистің материалды жинау кезеңін бақылауға мүмкін болғанымен, оның ойланып , деректерді қорытып,топтастырып, материалды жазу кезеңін бақылау мүмкін емес. Сонымен, әрі көп қырлы, объективті әрі көкейкесті журналистік мәтін аудиторияның ақпараттық сұранысын қанағаттандыра отырып, нақты міндеттерді шешуде таптырмас құрал болары анық.
Журналисттер паразит тәріздес, ақпарат алу мақсатында маза бермейді. Бұл тұжырымдама журналисттер үшін жағымсыз болғанмен шындыққа жанасымды келеді, кейде журналистер дұрыс тіл табысуды білмейді. Ал кез келген ақпараттық байланыс екі жаққада қолайлы болу керек, екі жақ не үшін байланыс орнатып жатқанын білу керек. Көп жағдайда журналисттер қылмыс болғанда сол аумақ тиесілі бөлімшенің қызметкеріне қоңырау шалып мән жайды түсіндіріп беруді сұрайды. Және бұл жағдай жиі қайталанады.Осыдан келңп сұрақ туындайды: журналист неге болған оқиға орнына барап өзі өз көзімен көрмеске, оқиғаның мән жайын біліп куәгерлерден сұхбат алмасқа? Басқа да ақпарат жинап неге бөліспеске? Сізде артық уақыт жоқпа? Ал миллиция қызметкерінің бұл дүрбеленде уақыты бар деп ойлайсыз ба?
Гүлмира Амангелдиева
