ҚАРҚАРАЛЫ: Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен

ҚАРҚАРАЛЫ: Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен

Бүгін Қарқаралы Ауданы Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайыс өткіздік.

Қарқаралыдағы «Шаңырақ» орталығы көпбалалы отбасылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды. Сайыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы сөз сөйледі: «Балалар жылы аясында өтіп тұрған бұл сайыс отбасының ынтымағын арттырып, жас ұрпақты салауатты өмірге жетелейді»,-деді.

Сайысты ДСК жаттықтырушысы Николай Смолин өткізді. Сайс алты турдан тұрды. Өте қызу, тартысты өтті. Сайысқа» Әмір», «Радуга», » Бірлік», «Қыран», » Барыс» атты бес команда қатысты.

Жеңімпаздарға марапатты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейбіт Жұмабеков тапсырды.

«Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты байқауда 1 орынды — Абдраимовтар отбасы, 2 орынды — Оңғарбаевтар отбасы, 3 орынды — Омарбековтер отбасы иеленді. Ал Мейрамбаевтар мен Бажановтар отбасы белсене қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды.

Байқауды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін аудандық білім бөлімі басшысы Арғын Серікұлына, ДСК басшысы Қанат Ашмановқа, «Шаңырақтың» Қарқаралыдағы қызметкерлері Гүлнәр Өмірзаққызы мен Жазира Бекішоваға және «Талбесік» ұйымының мүшелері Айша Сулейменова мен Гульжанар Абдигуловаға алғыс айтамыз.

ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.