АСХАТ НҰРМАШЕВ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОЛ, — ЭКОНОМИКА
АСХАТ НҰРМАШЕВ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОЛ, — ЭКОНОМИКА
Қазақстанда 440 отбасыға үй әперген респбликалық Azar-ume.kz қоры Қарағандыда «Asar joly» атты форум өткізді. Кеше Асаруме екінші деңгейге көтерілгенін көрсетті. Қайырымдылықтың миссиясы — үймен қамтамасыз ету ғана емес. Баспаналы болған отбасылардың аяққа тұрып, бизнеспен шұғылдануы үшін құрал-жабдық алып беру, бұл отбасылардың балаларының білім алуына жағдай жасау мақсатында «Өркендеу — Процветания» атты жобаның тұсауын кесті.
Қарағандылық, осы қор арқылы үйлі болған Ольга Кудрявцеваға клинингпен айналысып, табысын арттыру үшін әмбебап, қымбат тұратын шаңсорғыш сыйлады. 9 баласы бар ананың үйін кеңейтем деген ниетін естіген қор демеушілері, «Almaterm»,
«Jakko» компаниялары қосымша бөлме тұрғызу жабдығын көтеретін болды.
2019 жылы құрылған Асаруме қоры осыған дейін биліктің табалдырығын тоздырып көмек сұрап, әкім-қараларды жағалаған емес. Төрт жылда төртжүзден аса отбасыны баспанамен бақытты еткен қорға билік енді назар аударды. Қор төрағасы Асхат Нұрмашевті Президент жанындағы Жастар кеңесіне қосты. Асар жолы форумын өткізуге жан жақты қолдау жасауда.
«Қазақстан өзгеріпті. Оны енді сезіп жатырмыз. Жаңа Қазақстан құр дыбыс емес екен. Асар жолы форумын өткіземіз дегенде вице-премьер Е. Тоғжанов бізге 20 қалаға барып, тәжірибелеріңізді таратсаңыздар қолдаймыз деді. Біз 8 қаланы аралап шығамыз дегенбіз. Осы кездесуден кейін, 20 қалаға барып, «20 мың шақырым жол жүріп, жақсылықта жарысуға» шешім қабылдадық,-деді Асхат.
Нұр-Сұлтан қаласынан басталған керуен Қарағандыда жалғасты. Достық үйіне үш жүзге жуық адам жиналды. Форум еркін форматта, айтар ойы ерек болды.
Қоғам қайраткері Нияз Сундиталиев он жыл бұрын мүгедектік креслосына отырғаннан кейін өмірінің күрт өзгергенін, қоғам қайраткері деңгейіне көтерілуге себеп болған жағдайды баяндады.
Облыс орталығынан үш жүз шақырым жердегі туған ауылына төрт жетімдер үйін ашып, ауыл тұрғындарын кәсіппен қамтыған бизнесмен Нурлан Калтаев өз ұстанымын баяндады. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің қазір спорт пен оқуда жетістікке жетіп жатқанын мақтанышпен айтты.
Астаналық жас жігіт Бейбарыс ҰБТ тапсыру кезіндегі әділетсіздікпен бөлісті. «Қала балалары ай сайын 70-80 мың теңгеге репетитор жалдап ҰБТ-ға грантқа түседі. Ал ауыл балаларында репетитор жалдауға мүмкіндік жоқ. Тіпті пән мұғалімдері тапшы. Бірақ ауыл түлектері қала балаларымен бірдей грантқа таласады. Сол себепті, мен айына екі мың теңгелік ҰБТ-ға дайындайтын курс аштық. Осы курсқа Асаруме арқылы үй алған отбасылардың 150 баласын тегін дайындаймыз»,-деді.
Форумда қайырымдылық туралы ғана емес, бизнес ашу, білім беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды ынталандыру, жетім балаларды асырап алу туралы айтылды. Форумның миссиясы — идеология, экономика, дәстүр, тарих, адамдар арасындағы ізгілікті қамтыды.
Асаруме дегенде есіңізге не түседі деген сауал қойылды. Сенім, қолдау, мейірім деген сөздер айтылды. Оған қор төрағасы Асхат Урмашев» — «Қайырымдылық ол, экономика»,-деді.
— Мұқтаж отбасылардың көп болуы экономиканың деңгейінің көрсеткіші. Бірақ біздің ел құсап, бірігіп, асарлатып баспана салып беру, алып беру тек біздің елде ғана бар екен. Бұрын біз өте қиын жағдайдағы отбасыларға үй әперетінбіз. Қазір шұғыл көмекті қажет ететін отбасылар жоқтың қасы. Шынымен солай. Біз қазір әр өңір ұсынған отбасыларға бары, ақша жинаймыз, үй әпереміз. Яғни елде өте қиын жағдайдағы отбасылар азайған»,-деді.
Форумда» Шаңырақ»орталығының ұсынуымен баспаналы болған, 9 баланың анасы Ольга Кудрявцева үй алғанға дейінгі, үйлі болғаннан кейінгі жағдайын баяндады.
Біздің қызметкерлер Кымбат Булкаирова, Айша Сулейменова Асаруменің еріктілері. Олар тауып, құжатын дайындаған отбасылар міндетті түрде осы қордан үй алады.
Форумда бір отбасыға күтпеген жерден үй сыйлады. 5 баланың анасы Евгения Василеваға да «Шаңырақ» орталығы құжатын дайындап, білім басқармасы арқылы анықтамалар алып ұсынғанбыз. Кеше Евгенияға Асаруме үй, тұрмыстық техника және 500 мың теңгені тапсырды.
Осымен Шаңырақ орталығы ұсынған 17-отбасы баспана бақытына ие болды!
Қарағандыдағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы республикаға әйгілі, адал, таза қормен бірге жұмыс істегенімізді мақтан етеміз.
«Асар жолы» берекелі, бақытқа апаратын жол болсын!
Видео

