ШЕТ АУДАНЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!!!

ШЕТ АУДАНЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!!!

Бүгін Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды.

Салтанатты тұсаукесерге аудан әкім Мұхит Мұхтаров, орынбасары Рүстем Рысқали, аудандық Аналар кеңесі төрайымы Гүлшара Қамиқызы, жұмыспен қамту орталығы бөлімі басшысы Айдын Төлеуов, мәдениет үйінің директоры Әсемгүл Ахметжанова, Amanat партиясы филиалы хатшысы Бауыржан Амангелдіұлы, спорт бөлімі басшысы Жәнібек Жасұланұлы, салық бөлімі басшысы Жаңабек Оралбекұлы, бас редактор Мейрам Садуақас, көпбалалы аналар қатысты.

Мұхит Сайлауұлы: «Көпбалалы отбасыларға кешенді көмек көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз ауданымызда осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымыз. Аналар кәсіпкерлігін қолдауға әзірміз»,-деді.

Жеті баланың анасы, асыраушысынан айрылған Үмітжан Тілеубекқызы: «Аналардың мәселесін шешу үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар жүйелі көрсетілсе дейміз. Осы орталыққа үмітіміз зор»,-деді.

Ақ жаулықты аналар шашу шашып, Мәдениет үйі әншілері ана туралы ән шырқады.

Біз орталықтың ашылуына келген 20 отбасыға азық-түлік себетін бердік.

Орталықты «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы»қоғамдық бірлестігі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік-мемлекеттік тапсырысы негізінде ашты.

ВИДЕО

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.