ШЕТ: «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен

ШЕТ: «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен

Бүгін Шет ауданында «Шаңырақ» орталығы «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайыс өткізді. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Құралұлы ашты: «Балалар жылына арнап өткізген шара жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға бағытталған. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа Қазақстан құру мақсатын айқындайды»,-деді.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімі сектор басшысы Әлібек Құлсайыров: «Көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарының бірі. Отбасыларға сәттілік тілейміз»,-деді.

Сайысқа бес көпбалалы отбасы қатысты. Жарысты Ж. Ақылбаев атындағы мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі Қайырбек Ахметжанов жүргізді.

«Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайыста
1 орынды «Болашақ» тобы — Маратовтар отбасы,
2 орынды «Фатих сұлтан» тобы — Мейрамовтар отбасы,
3 орынды «Алғырлар» тобы — Базыловтар отбасы иеленді.
Белсене қатысқаны үшін «Жалын» тобы — Есмахаевтар отбасы мен «Алаш» тобы — Ибраевтар отбасы марапатталды.

Сайысқа қатысқан барлық отбасылар мен балаларға сыйлық берілді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысы м.а. Жәнібек Тілеухановқа, Мәдениет үйі басшысы Әсемгүл Ахметжановаға, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлшара Камиқызына, Ж. Ақылбаев атындағы мектеп директоры Гүлбаршын Мықышеваға, ұстаз Қайырбек Ахметжановқа, Жасөспірімдер және спорт мектебінің әдіскері Марат Дусовқа, директоры Сағындық Қанайға
шараны өткізуге белсене атсалысқаны үшін алғыс айтамыз.

ВИДЕО

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.