«Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» 2022жыл

Бүгін көпбалалы отбасылар «Кидс атлетикс» халықаралық жеңіл атлетикалық бағдарламасы бойынша сайысқа түсті.

Қазыбек Нұржанов атындағы Жеңіл атлетикалық манежде өткен сайысты «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы мен «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы филиалы бірлесіп өткізді.

«Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайысқа бес көпбалалы отбасы қатысты. Жарыстың бас төрешісі жеңіл атлетикадан жоғары санатты жаттықтырушы, ұлттық төреші Владислав Фризен. Жарысты облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Әсет Ахметов жүргізді. Олимпиадалық спорт мектебінің оқу жөніндегі орынбасары Эльмира Сейфулгазина жарыстың ашылуында сөз сөйлеп жеңіс тіледі.

Сайыста отбасылар бес спорт түр бойынша жарысқа түсті. Қатысушылардың барлығына сыйлықтар берілді. Үш орын жеңімпаздарына ақшалай сыйлық, медальдар тапсырылды.

Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы ынтымағын арттыру.

Конституция күніне орай ұйымдастырылған сайыста 1 орын — Батыршаевтар отбасы, 2 орын — Жаңабаевтар отбасы, 3 орын — Сериковтар отбасы, арнайы жүлде, «Белсенді отбасы» — Мұсатаевтар отбасы, «Көрермен көзайымы» — Бақыт отбасы иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.