ШЕТ ауданы: Жәрмеңке
ШЕТ: жәрмеңке
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді. Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда көпбалалылар ұйымдастырған жәрмеңкеге 7 баланың анасы Валиева Айсұлу Ескендировна, 5 баланың анасы Нукербекова Онал Сериковна, 4 баланың анасы Ермекбаева Гульнур Кусаиновналар тәттілерді, қымыз, құрт-майды сатуға шығарды.
«Шаңырақ» орталығы өткізген жәрмеңкеге аудан әкімдігі өтетін орын беріп, қолдау көрсетті.

