БІЗДІҢ ДЕМЕУШІЛЕР КІМДЕР?
Бүгін қайырымдылық күні. Ізгілік күнінде Орталық коммуникациялар орталығында біздің орталықтың тұрақты демеушілері туралы баяндадым. Біздің демеушілер кім, видеоға назар аударыңыз. Соңында барлығынвң атын атадым. Қалып қойғандар болса кешірім сұраймын.
«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы – Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік-мемлекеттік тапсырысы негізінде ашылған. Тапсырысты орындаушы — «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі. Орталық 19.04.2021 ашылды.
Орталықтың мақсаты:
— Көп балалы отбасыларға көмек көрсету, олардың заңды құқықтарын жүзеге асыру, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру,
— жаңа мамандық меңгертетін оқыту курстары мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
— Көп балалы отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-медициналық, заңгерлік консультациялық қызметтер түрінде қиын өмірлік жағдайлардан шығу кезінде шұғыл кешенді көмек көрсету;
— ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу;
— оқу орындарымен байланыс орнату;
— Көп балалы отбасыларды мемлекеттік және өзге де қолдау мәселелері бойынша семинарлар, вебинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, конференциялар түрінде ақпараттық-пікірталас іс-шараларын ұйымдастыру;
— қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;
— Көп балалы отбасылардың ата-аналары мен балалары үшін мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру;
— қолданыстағы заңдарға ұсыныстар ұсыну және жұмыс топтары құрамында жаңа заңдарды әзірлеуге қатысу, қоғамдық өмірдің түрлі мәселелері бойынша бастамалармен әрекет ету.
«Шаңырақ» орталығы отбасы ынтымағын, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен», атты отбасылық сайысты жыл сайын ұйымдастырады.
Наурыз мерекесінде ұлттық дәстүрлерді ұлықтайтын «Өнегелі отбасы — мемлекет тұтқасы» отбасылық сайыс өткізді.
8 наурызда әншілер шақырып «Аналық махаббатым шексіз саған…» атты мерекелік концерт өткізді.
Орталық балалар шығармашылығын дамыту үшін балалар ақыны құрметіне орай «Кәрім Сауғабай оқулары» атты жыл сайын дәстүрлі байқау өткізеді.
Жыл сайын ғалымдардың басын қосып, «Көпбалалы отбасылардың мәселелері» атты ғылыми-практикалық республикалық конференция өткізеді.
Жылына екі рет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Даму қорын, Агрокредит банкін шақырып, кәсіп ашу жолдарын түсіндіретін семинарлар өткізеді.
Қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізеді.
«Шаңырақ» орталығы көрсеткен қайырымдылық көмектер:
— Орталық шаш сәндеу, мейкап, кондитерлік өнімдер дайындау, салқын тағамдар, салаттар, колбаса әзірлеуді үйрететін, тігін тігіуді меңгертететін тегін курстарды жыл сайын өткізеді. Курстың мақсаты жаңа кәсіп меңгерту, отбасы кірісін арттыруға жағдай жасау. Бұл курстарға 100-ден аса көпбалалы отбасы мүшесі қатысты. Яғни, көпбалалаы аналар үйде отырып бизнес ашу үшін жаңа машық меңгерді.
— Балалар күніне орай көпбалалы отбасыдан шыққан 80 мүгедек балаға сыйлық таратып, аквогрим, аниматорлар жалдап, шоу программа жасады, барлығына балмұздақ таратты. Бұған депутаттар мен кәсіпкерлер демеушілік етті.
— Жыл сайын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың балаларын тегін сүндеттейтін акция ұйымдастырады. Екі жылда 90 бала тегін сүндеттелді.
— «Мектепке жол» акциясы аясында 1200 балаға кеңсе тауарын әперу үшін демеушілерге ұсынды.
— Тәуелсіздік мейрамында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат…» атты мерекелік кеш өткізіп, 2021 жылы 7 отбасыға баспананың кілтін сыйлады.
— Жаңа жылға орай 500 балаға тәтті сыйлық таратты. Оған бизнесмендер демеушілік етті.
— Жыл сайын көпбалалы отбасыдан шыққан 2 мүмкіндігі шектеулі баланы абилитациядан өткізу қаржысын төлейді.
— Азық-түлік жиынтығын таратады.
— «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы жеке кәсіпкердің демеушілік көмегі арқасында 2021 жылы көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі баласы бар 7 отбасыға, 2022 жылы 1 отбасыға баспана сатып берді.
— Одан бөлек, көпбалалы, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылардың құжаттарын «Асаруме» қайырымдылық қорына ұсынып, 3 көпбалалы отбасының үй алуларына мұрындық болды.
— 100 балаға ағылшын тілін үйрететін кітап сыйладық.
— 100 баланы хоккейге тегін апардық.
— 12 отбасыға көмір түсіріп берді.
— Жылына екі рет 1 т ұн таратады.
— Құрбан айтта ет таратады.
Біздің серіктестер:
«Шаңырақ» орталығы елдегі, облыстағы барлық қайырымдылық қорларымен, кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен әріптестік байланыс орнатқан, жұмыс жасайды.
Аппарат Акима Карагандинского С.о. Jenis Qasymbek.
Облыстық кәсіпкерлер басқармасы.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Асем Джунуспекова
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жанай Искаков.
Қарағанды қаласы әкімдігі Ермаганбет Булекпаев.
ГУ «Акимат района имени Казыбек би г.Караганды», Eldar Dyussetayev.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Гульжан Бектайқызы.
Облыстық білім басқармасы Гульсум Кожахметова.
Қалалық білім бөлімі Esentai Ashim.
Әлихан Бөкейхан ауданы әкімдігі.
Қарағанды жоғары полиция мектебі.
Қарақат студиясы.
Қалалық мәслихат депутаттары Марина Платонова Зара Шалабаева, Амир Махамбетов.
Айжан Киясова облыстық кәсіпкер әйелдер ассосациясы.
Облыстық мәслихат депутаттары Юлия Бадина, Қамбар Ахмет.
Amanat Qaragandy Oblysy партиясы, Бекзат Алтынбеков Абай Бағчай, Нұркелді Зиядаұлы.
Vogue мейрамиханасы Меруерт Алимбаева.
Алмагуль Адилова, Рымбала Омарбекова, Айжан Сибакова, Айтбай Жумагулов.
Ішкі істер департаменті Ерлан Файзуллин, Бақытжан Құдияров, Нагима Ашим.
Qyazaylarai сән салоны Жаннур Мәдениетқызы.
Қарағанды гуманитарлық колледжі.
Қарағанды Жоғары политехникалық колледжі.
Қарағанды экономика университеті.
Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті,
Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Этномәдени бірлестіктер.
Камила мейрамханасы.
Бауыржан Жуаспай Отбасы Банк Казахстана.
«Сарыарқа» медиахолдингі.
102 мектеп-гимназия.
Ернат Мелсұлы 100 ағылшын тілін үйрету кітабы.
«Ана-мама» қоғамдық қоры.
«Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі Индира Жанұзаққызы.
«Шахтер» стадионы.
3, 5 автопарктер.
«Коктем» қоғамдық қоры Роза Теміржанқызы.
Центр ипотеки Караганды Айнура Сулейменова
Шахтеров даңғылы 74, 70, 31 үй тұрғындары.
Сбербанк.
Оксана Кузнецова Волонтеры Караганда.
Әсет Түсіпбеков, көмір түсірді.
KAZ Феррит ЖШС.
Облыстық және қалалық Жастар Ресурстық Орталығы.
Тағы басқа ізгі ниетті жандардың барлығын бүгін мерекемен құттықтап, алғыс айтамыз!
«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ұжымы.
Қарағанды, 2022 жыл.
