«Мектепке жол» акциясы

Партия, қауымдастық, бизнес, тағы басқа құрылымдардың имиджін жеке тұлғалар жасайды .

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Шаңырақ» орталығы жаңа оқу жылына дайындықты екі ай бұрын бастап кеттік. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер іздедік. «Шаңырақтың» бюджетінде қайырымдылыққа қаражат қарастырылмаған.

Amanat Qaragandy Oblysy атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбековке, Ассоциация деловых женщин Казахстана Қарағанды облысы филиалы басшысы Айжан Киясоваға, ГУ «Акимат района имени Казыбек би г.Караганды» әкімі Eldar Dyussetayevқа, «Vogue»мейрамханасы иесі Меруерт Алимбаеваға хабарласып, көпбалалы отбасыларды қолдауын өтіндік. Осы құрылым басшылары «Мектепке жол» акциясына өз қалталарынан ақша шығарып, мәрттік танытты.

«Кәсіпкер әйелдер қауымдастығы» биыл балалар үйіне, мүгедектер үйіне, жекелеген отбасыларға, қоғамдық қорларға «Мектепке жол» акциясы аясында ауқымды көмек көрсетті. Айжан Казимирқызы жетекшілік ететін құрылым Қарағанды ғана емес, аудан мен серіктес қалаларда да қайырымдылық акциясын бастап кетті. Қауымдастық тегін қызмет көрсететін, бюджеті шақтаулы құрылым болғанына қарамастан елдегі әлеуметтік-қоғамдық салада белсенді. Айжан Киясова «Шаңырақ» орталығына жүгінген, бірінші сыныпқа баратын 10 оқушыға өз ақшасына сөмке мен кеңсе тауарларын сыйлады. Қайраткер қыздар бас қосқан облыстық кәсіпкер әйелдер қауымдастығына алғыс айтамыз!

Amanat Partya Қарағанды қаласындағы атқарушы хатшысы Юлия Бадина, Қазыбек би аудандағы филиал хатшысы Абай Бағчай, Ә. Бөкейхан ауданындағы хатшысы Тимур мырзалар «Шаңырақ» орталығын жаңа оқу жылымен құттықтап, көтере келген сөмкелері мен кеңсе тауарларын табыс етті. «Мектепке жол» акциясы аясында партия облыстың барлық елдімекендерінде қайырымдылық көмек көрсетті. Партия филиалының атқарушы хатшысы, меценат Бекзат Қомарұлына, партия мүшелеріне өтінішті жерге қалдырмай, өз қалталарынан ақша шығарып, қолұшын созғандары үшін алғыс айтамыз!

Қазыбек би ауданының әкімі Елдар Смағамбетұлы да «Мектепке жол» акциясына арнап, аудан әкімдігі атынан өз қалтасынан кеңсе тауарларын сатып әперуге ақша қосты. Әкім мен әкімдікке жаңа оқу жылында жасаған ізгі қадамдары үшін алғыс айтамыз!

Vogue мейрамханасының иесі Меруерт Алимбаева әр мерекеде көпбалалы отбасыларға сыйлық жасайды, бұл жолы да қалыс қалмады. «Шаңырақ» өткізетін шаралардың тұрақты демеушісіне айналған кәсіпкерге алғыс айтамыз!

Мемлекет тұрмысы төмен отбасылардың оқушыларына мектеп формасын әперуге 37 мың теңгеден қаржы бөлді. «Шаңырақ» орталығы бұл қаражатты алу жолдарын үйретті, қарқынды насихаттады, құжат тапсыруға көмектестік.

Қалада мекенжай тіркеуі жоқ, ресми жұмыс істемейтін отбасылар 37 мың теңгеге құжат тапсыра алмады. Осы көмекке ілікпеген 370 көпбалалы отбасыны (1200 бала) кеңсе тауарларын әперу үшін демеушілерге ұсындық. Демеушілер таратуды бастаған жоқ. Күтіп отырмыз.

Келесі аптада Білім бөлімінен 37 мың теңгелік көмекке өткендер мен демеушілерден кеңсе тауарларын алған отбасылардың тізімін аламыз.

Осы екі тізімді салыстырып, оған ілінбеген, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың оқушыларына өзіміз демеуші іздеп, кеңсе тауарларын беретін боламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.