ҚАРҚАРАЛЫ: “ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТ ТҰТҚАСЫ”
ҚАРҚАРАЛЫ: “ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТ ТҰТҚАСЫ”
Отбасы күні құрметіне орай Қарқаралыда “Шаңырақ” орталығы мен Мәдениет үйі бірлесіп “Өнегелі отбасы — мемлекет тұтқасы” атты отбасылық сайыс өткізді.
Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Салтанат Мусина, өнер мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Төлеуханова,
Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас маманы Дарина Боранбаевалар әділқазылық етті. Сайысқа ауданның көпбалалы отбасылары қатысты.
Бас жүлдені Жұмабаевтар отбасы (Ақтерек ауылы),
“Үлгілі отбасы” — Құдайбергеновтер отбасы (Көктас ауылы),
“Өнерлі отбасы” — Абдрахмановтар отбасы (Қарқаралы),
“Ғажайып отбасы” — Оңғарбаевтар отбасы (Қарқаралы) иеленді.
Қарқаралы Мәдениет үйінің басшысы Мақсат Мақсымұлына, Мәдениет үйінің барлық қызметкерлеріне, “Аңыз» би тобының жетекшісі Ләйлә Толеуовнаға, топтың бишілеріне, қатысқан отбасыларға алғыс айтамыз!
ВИДЕО

