«Шаңырақ» орталығының қызметкерлері марапатталды
“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңі мәреге жетті. Отбасы күніне орайластырған салтанатты шарада “Talbesyk” көпбалалы аналар одағы” ҚБ мүшелері Айша Сулейменова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Асель Тореханова мен Гульжанар Абдигулова Алғыс хатымен марапатталды. Көпбалалы аналардың мерейлі шарада марапатталуы кездейсоқтық емес. Олар барлық қызметін отбасы құндылығын дәріптеуге, отбасыларды қолдауға арнап келеді. Үйінде жар, қызметте білікті маман. Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербетіп отырған қыздарды құттықтаймын!


